"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холланд "Манчестер Юнайтедке" қарсы матча рекорд орнатты, деп жазады "Матч-ТВ". Қос "Юнайтед" арасындағы дербиде Хосеп Гвардиола шәкірттері 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Норвегиялық шабуылшы лига тарихында бірінші рет өз алаңында қатарынан өткізген үш ойында хет-трик авторы атанды.
Ол осыған дейін "Кристал Пэлас" және "Ноттингем Форрест" қақпаларына 3 голдан соққан.
Биылғы маусымда Холланд 8 матчта 14 гол соқты.
Еске салайық, 22 жастағы форвард жазғы трансферлік маусымда "Манчестер Сити" клубымен 2027 жылға дейін келісімшарт жасасты. Футболшының трансферлік құны 60 миллион еуроны құрады.