"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола команда шабуылшысы Эрлинг Холандтың сапқа оралғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
6 желтоқсаннан бері жарақатымен жатқан Холанд 31 қаңтардағы "Бернлимен" матчке қатысуы мүмкін.
"Негізгі құрамға кіріп тұрғаны анық - ол сапқа оралды. Эрлинг - біз үшін өте маңызды ойыншы. Онсыз екі ай өтті, қазір ол өзін жақсы сезінуде. Бүгінгі жаттығудан кейін оның ертен командамен болатыны көрініп тұр", - деп береді Гвардиоланың сөзін The Athletic.