Холанд Роналдудың жетістігін қайталады

©"Манчестер Сити" ФК

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд бір маусымда Англия чемпионаты мен Чемпиондар лигасында да ең үздік сұрмерген атанған тарихтағы төртінші футболшы болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Криштиану Роналду, Рууд ван Нистелрой және Дуайт Йорк қана осы жетістікке жете алған. Бір қызығы футболшылардың бәрі Манчестерден болған.

Дортмундтық "Боруссиядан" жазда ауысқалы бері Холанд 53 матчта ойнап, 52 гол салыпты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport