Футбол
31 қазан 17:10
 

Холанд мадридтік клубқа ауысқысы келеді

  Пікірлер

blog.share

Холанд мадридтік клубқа ауысқысы келеді ©"Манчестер Сити" ФК

"Манчестер Ситидің" шабуылшысы Эрлинг Холанд мадридтік "Реалға" ауысуға ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Манчестер Ситидің" шабуылшысы Эрлинг Холанд мадридтік "Реалға" ауысуға ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы журналист Джордж Пикон мәлім етті. Оның айтуынша, норвегиялық футболшының бұл шешімін оның айналасы да растаған. Хабарланғандай, Холандтың келісімшартында келісімді бұзу туралы арнайы тармақ бар, бірақ онда көрсетілген сома әзірге белгісіз.

Форвардтың "Реалға" ауысуына Винисиустың сатылуы ықпал етуі мүмкін, алайда дереккөздерге сүйенсек, трансфер тіпті бразилиялық шабуылшы командада қалса да жүзеге асуы ғажап емес.

Осы маусымда 25 жастағы Холанд барлық турнирде 12 матчқа қатысып, 15 гол соғып және 1 нәтижелі пас берген. Оның "Манчестер Ситимен" келісімі 2034 жылға дейін есептелген.

Transfermarkt сарапшылары футболшының нарықтық құнын 180 миллион еуро деп бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!