"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд әлеуметтік желіде әзіл-шыны аралас физикалық қуатының сырын ашты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Норвегиялық футболшы "Ситиге" былтыр дортмундтық "Боруссиядан" ауысқалы бері керемет нәтижелер көрсетіп жүр. Биылғы маусымда ол түрлі турнирдегі 39 ойында 45 гол салып, алты нәтижелі пас берді.
Холанд әлеуметтік желіде екі шөлмек сүт ұстап отырған суретін жариялап: "Менің сиқырлы сусыным" деп жазыпты.
="" Посмотреть="" эту="" публикацию="" в="" instagram="" a>Публикация="" от="" erling="" braut="" haaland="" (@erling.haaland)=""