"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бірінші турында сырт алаңда "Портуды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Порту қаласындағы "Драгау" стадионында өткен кездесу қонақтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. "Қалалықтар" сапында норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд дубль жасады. Ол 47 және 90+1 минуттарда гол соқты.
"Сити" мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов 48-минутта Йошко Гвардиолдың орнына алаңға шықты.
Қазіргі таңда "Манчестер Сити" үш ұпаймен Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі кестесінде көш бастап тұр. Ал "Порту" 36-орынмен соңғы орында келеді.
Екінші турда "Манчестер Сити" өз алаңында "Пари Сен-Жерменмен" ойнайды. Ал "Порту" сырт алаңда "Бетиске" қарсы ойнайды. Екі матч та 14 қазанға жоспарланған.