Футбол
Бүгін 09:38
 

Холанд дубль жасап Чемпиондар лигасында "Манчестер Ситиді" жеңіске жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Холанд дубль жасап Чемпиондар лигасында "Манчестер Ситиді" жеңіске жеткізді © "Манчестер Сити" ФК

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бірінші турында сырт алаңда "Портуды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бірінші турында сырт алаңда "Портуды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Порту қаласындағы "Драгау" стадионында өткен кездесу қонақтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. "Қалалықтар" сапында норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд дубль жасады. Ол 47 және 90+1 минуттарда гол соқты.

"Сити" мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов 48-минутта Йошко Гвардиолдың орнына алаңға шықты.

Қазіргі таңда "Манчестер Сити" үш ұпаймен Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі кестесінде көш бастап тұр. Ал "Порту" 36-орынмен соңғы орында келеді.

Екінші турда "Манчестер Сити" өз алаңында "Пари Сен-Жерменмен" ойнайды. Ал "Порту" сырт алаңда "Бетиске" қарсы ойнайды. Екі матч та 14 қазанға жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!