Футбол
Бүгін 10:38

Холанд Чемпиондар лигасындағы тартысқа айналған матч тағыдырын шешті

©mancity.com

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда Германияның "РБ Лейпциг" клубын әзер ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар бес гол соғылған тартысты матч өткізді. Кездесу тағдырын екінші таймда Эрлинг Холандтың дәл соққысы шешті.

37-минутта алаң иелері қорғаушы Кастелло Люкебаның автоголы арқасында есеп ашты. Алайда үзілістен кейін "Манчестер Сити" таразы басын тез теңестірді: 49-минутта Ридле Баку көзге түсті.

58-минутта Энцо Фернандес ағылшын клубын алға шығарды. Бірақ араға үш минут салып, Антонио Нуса есепті қайта теңестірді. Ал 78-минутта Эрлинг Холанд қонақтардың үшінші голын соғып, командасына жеңіс сыйлады - 3:2.

Осы кездесуден кейін "РБ Лейпциг" үш ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде 29-орында тұр. Ал "Манчестер Сити" тоғыз ұпай жинап, жетінші сатыға жайғасты.

24 қарашада өтетін бесінші турда Германия клубы "Ланспен" ойнайды. Ал Энцо Маресканың командасы "Наполимен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport