Холанд Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты

©Soccer.ru

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында "Лейпцигті" өз алаңында ұтты (3:2), деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл ойында Эрлинг Холанд бір гол салды, бұл норвегиялық ойыншының ЧЛ-дегі 40-шы добы болды.

Squawka мәліметінше, 23 жастағы Эрлинг бұл турнирде 40 гол межесіне ең жылдам жеткен футболшы. Бұл үшін оған 35 матч қажет болған екен.

Мұның алдындағы рекорд нидерландиялық шабуылшы Руд ван Нистелройға тиесілі еді, ол 40 голды 45 ойында салған.

Бұл кездесуден кейін "Манчестер Сити" 15 ұпай жинап, G квартетінде бірінші орында қалды. Одан кейін "Лейпциг" (9), "Янг Бойз" (3) және "Црвена Звезда" (1) тұр.

13 желтоқсан "Црвена Звезда" - "Манчестер Сити", "Лейпциг" - "Янг Бойз" матчтері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport