| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:08
 

Холанд Англиялықтарға "қысым көрсетуге" шақырды

  Пікірлер

blog.share

Холанд Англиялықтарға "қысым көрсетуге" шақырды ©Depositphotos/thenews2.com

Норвегия құрамасының көшбасшысы Эрлинг Холанд 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында өтетін Англиямен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Норвегия құрамасының көшбасшысы Эрлинг Холанд 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында өтетін Англиямен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Норвегия құрамасы биылғы мундиальда күтпеген нәтижелер көрсетіп, жартылай финалға бір қадам қалды. Скандинавиялықтардың келесі қарсыласы – Англия құрамасы. Матч 12 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады.

"Норвегияның чемпион атану мүмкіндігі қандай? Әлі де өте төмен деп ойлаймын. Бұл турнирде айқын фавориттер бар, Англия – солардың бірі. Сондықтан сіздер (журналистер) ағылшын жігіттеріне барынша қысым жасаңыздар (күледі)", – деп береді Холандтың сөзін ESPN.

Еске салайық, 1/8 финалда Холанд бастаған Норвегия құрамасы турнирдегі ең ірі сенсациялардың бірін жасап, Бразилияны 2:1 есебімен жеңді.

Ал Англия құрамасы тартысты өткен кездесуде Мексиканы 3:2 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған болатын.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!