Футбол
16 желтоқсан 2021 09:55

Холанд 74 ойында 76 гол салды

©championat

Дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холанд Германия чемпионатының 16 турында дубль жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Норвегия құрамасының шабуылшысы "Гройтер Фюрт" қақпашысының саңылауын екі рет тапты. Ал кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Осылайша, 21 жастағы форвард "Боруссия" сапында өткізген 74 кездесуінде 76 гол соғып отыр.

Еске салайық, әзірге Холандтың командасы ішкі біріншілікте 34 ұпаймен екінші орында келеді. 16 матчтың 13 жеңіске жеткен "Бавария" 40 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport