Футбол
5 наурыз 2020 10:07
 
Хет-трик жасаған Мбаппе командасын Кубок финалына шығарды

  Пікірлер

blog.share

Хет-трик жасаған Мбаппе командасын Кубок финалына шығарды © Reuters / Gonzalo Fuentes

"Лионды" тас-талқан еткен "Пари Сен-Жермен" Франция кубогының финалына шықты. 

Жартылай финалдық кездесу Лиондағы "Стад де Люмьер" стадионында өтіп, 5:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Килиан Мбаппе хет-трик (14, 70 және 90+2 минут) жасады және Неймар (64-ші минут, пенальти) мен Пабло Сарабия (82) бір голдан салды.

"Лион" сапында Мартен Терье (11-ші минут) гол салды. Сонымен қоса, алаң иелері 61-ші минутта Фернандо Маркала алаңнан қуылған соң, азшылықта ойнады. 

ПСЖ турнир финалына бесінші рет қатарынан шығып отыр. Өткен жылы Франция кубогын шешуші матчте "Ренн" жеңіп алған (2:2, 5:6 пенальти) еді. Оған дейін париждік клуб трофейді төрт рет қатар ұтқан. 

Финалға шығатын команда бүгін, 5 наурыз "Сент-Этьен" - "Ренн" ойынынан кейін анықталады.

Жарнама

Живи спортом!