Хавидің "Барселонадағы" тағдыры шешілді

©Барселона ФК

"Барселона" клубының басшылығы бас бапкер Хавиді қызметінен босатпайды. Бұл туралы "каталондықтардың" тәуелсіз твиттер арнасы хабарлап отыр.

Белгілі болғандай Хави командадағы жұмысын жалғастыра береді.

"Хави командада қалады. "Барселона" басшылығы бапкердің ұзақ жылдар бойы қызмет етуін қалайды", - делінген жазбада.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының 5-турында испаниялықтар өз алаңында Баварияға 0:3 есебімен ұтылған еді. Нәтижесінде Барселона тек Еуропа лигасының плей-офф раундында ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар