Хави Марадона ескерткішіндегі қателікті көрсетті

©Football.ua

24 ақпан Неапольде Еуропа лигасының "Барселона" мен "Наполи" арасындағы қарымта (4:2) матчі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Eurosport порталының Marca басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, Хави трибуна астындағы орында Диего Марадонаға қойылған ескерткішті көріп, сәйкессіздікті атап өткен екен. Аргентиналық кезінде "Наполи" мен "Барселона" сапында да ойнаған.

"Өте әдемі. Жалғыз ғана мәселе, доп оң аяғында, ал ол солақай болатын", - депті бапкер.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport