Хави "Барселонаның" қорғанысын күшейтіп алмақ

28 желтоқсан 2021 10:18
©Ua-football.com

"Барселонаның" бас бапкері Хави қысқы трансферде қапталдағы қорғанысты күшейтіп алмақ, деп хабарлайды "Чемпионат".

Осылайша, сол қапталдағы қорғаушы позициясына каталондықтар Хосе Луис Гайяны ("Валенсия"), ал оң жақта Нуссайр Мазрауиді ("Аякс") көргісі келеді.

Клуб басшылығының қазіргі оң қапталдағы қорғаушы Серджино Дестеден көңілі қалған көрінеді. Ал сол қапталдағы Жорди Альба 32 жасқа келді.

Еске салайық, Гайяның "Валенсиямен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген, ол үшін валенсиялықтар 25 миллион еуро сұрап отыр. "Аякс" Мазрауиге қатысты еш сомма айтпады, ал Transfermarkt оны 18 миллион еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport