Хави "Барселонамен" бірінші чемпиондық титулды жеңіп алды

©Global Look Press

"Барселона" мерзімінен бұрын 2022/23 жылғы маусымының чемпионы атанды. Бұл Хави үшін каталондық командамен алған бірінші чемпиондық титул. 

Хави "Барселонаны" 2021 жылдан жаттықтырып келеді. Ол уақыттан бері 43 жастағы маман командамен бірге Испания суперкубогін де иелене алды.

Ал жалпы бапкерлік карьерасында бұл тоғызыншы трофей. Жетеуін ол катарлық "Әл-Садд" командасымен иеленді.

Команда Ла Лиганы кейінгі рет 2018/19 жылғы маусымда ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport