Хави алғашқы "эль-классикосында" ұтылды

©Реал ФК

Мадридтің "Реалы" Испания Суперкубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Эр-Риядта өткен мачта Карло Анчелоти ойыншылары "Барселонаны" ұтты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаса, овертаймда "корольдік" клубтың бағы жанды. Ал "каталондықтардың" тізгінін ұстаушы Хави бас бапкер ретінде алғашқы "эль-классикосында" есе жіберіп отыр.

"Реал" сапында Винисиус Жуниор ( 25 мин), Карим Бензема (72 мин) және Федерико Вальверде (98 мин) ерекшеленсе, "Барселона" тарапынан Люк де Йонг (41 мин) және Ансу Фати (84 мин) көзге түсті.

Осылайша, "бланкос" финалда "Атлетико" мен "Атлетик" жұбының жеңімпазымен кездеседі. Екінші жартылай финал 14 қаңтар күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар