Футбол
25 тамыз 2021 20:07

Харри Кейн "Тоттенхэм" командасынан ешқайда ауыспайтын болды

©SHAUN BOTTERILL/GETTY IMAGES

Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн биыл ешқайда ауыспай, "Тоттенхэм" сапында қалатын болды. Бұл туралы футболшының өзі Twitter-парақшасында жазды. 

"Жексенбі күні "Тоттенхэм" жанкүйерлерін көріп, соңғы бірнеше аптада маған қолдау білдіріп жазған хаттарды оқу мен үшін сөзбен айтып жеткізе алмайтындай қуаныш болды. 

Биыл мен "Тоттенхэмде" қаламын. Командаға көмектесу үшін 100 пайыз дайын боламын", - деп жазды шабуылшы әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, бұған дейін "Манчестер Сити" командасы Кейннің жеке өзімен 2026 жылға дейін келісімшарт жасау үшін бітімге келгені айтылған еді. Ал "Тоттенхэм" шабуылшыны сатпайтынын мәлімдеп, Харри үшін 175 миллион фунт стерлинг сұраған. Манчестерлік команда соңғы рет 150 миллион фунт стерлингпен ұсыныс жасаған. Бірақ лондондық команданың басшылары бұл ұсыныстан да бас тартқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport