Англия құрамасының капитаны әрі мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Харри Кейн Германия клубымен ұзақ мерзімді жаңа келісімшартқа қол қоюға аз қалғанын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кейн "Бавариямен" келіссөз жүргізіп жатқанын растады
Англиялық шабуылшы тараптар келісімшартты ұзарту шарттарын іс жүзінде толық келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келісімді ресми түрде рәсімдеу үшін тек бірнеше мәселені шешу ғана қалған.
"Бұл бірнеше апта емес, бірнеше күннің мәселесі. Демалыс күні келіссөз өте жақсы өтті, бүгін де оны жалғастырдық. Келісімшарттың ұзартылатыны анық. Тек бірнеше ұсақ-түйек мәселені реттеу қалды", - деп береді Кейінің сөзін журналист Флориан Плеттенберг.
Дереккөздің мәліметінше, Англия құрамасының 33 жастағы капитаны мен мюнхендік клуб арасындағы жаңа келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін жасалады.
Кейн "Баварияда" 2023 жылдан бері ойнап келеді
Англиялық шабуылшы 2023 жылдың тамызында лондондық "Тоттенхэмнен" ауысып, Германияның 35 дүркін чемпионы сапына қосылды. Содан бері ол осы клубтың намысын қорғап келеді.
Еске салайық, 26 қазанда Англияның Лондон қаласында өткен салтанатты рәсімде Кейн карьерасында алғаш рет футболдағы ең беделді жеке марапат - "Алтын допты" иеленген болатын.
Жарнама