Футбол
Бүгін 10:23

Харри Кейн "Бавариядан" кететін болды: шабуылшы испаниялық грандты таңдады

©depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Мюнхендік "Бавария" шабуылшысы әрі Англия құрамасының капитаны Харри Кейннің болашағы тағы да қызу талқылана бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейн "Баварияның" ұсынысын қабылдамады

El Nacional басылымының мәліметінше, ағылшын шабуылшысы клубтың келісімшартты ұзарту жөніндегі соңғы ұсынысынан бас тартып, енді "Барселонаның" нақты қадамын күтуде.

Дереккөздің хабарлауынша, Германия чемпионы 33 жастағы футболшыға жаңа келісім ұсынғанымен, тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған. Кейн клуб ұсынған мерзімнен ұзағырақ келісімшарт жасағысы келеді. Әзірге дәл осы мәселе жаңа келісімге қол қоюға кедергі келтіріп отыр.

Қазіргі келісімшартқа сәйкес ағылшын шабуылшысы "Бавария" сапында 2027 жылдың жазына дейін өнер көрсетеді.

"Барселонадан" хабар күтуде

Дереккөз мәліметіне сәйкес, Харри Кейннің өкілдері жағдайды мұқият бақылап отыр және "Барселона" алдын ала қызығушылықтан нақты келіссөздерге көшеді деп үміттенеді.

Футболшының өзі ұзақ мерзімді кепілдендірілген келісімшартқа қол қойып, Чемпиондар лигасы секілді ең беделді турнирлерде жеңіске таласа алатын клубта өнер көрсетуді қалайды.

Сонымен қатар, "Бавария" басшылығы өз көшбасшысын сақтап қалуға ниетті екенін жасырмайды. Бірақ клуб қандай жағдай болса да келісімшартты ұзартуға дайын емес екенін де атап өткен.

Карьерасындағы үздік маусымның бірі

Харри Кейн "Бавария" сапына 2023 жылы Лондонның "Тоттенхэм" клубынан 95 миллион еуроға ауысып келген болатын.

Өткен маусым ағылшын шабуылшысы үшін мансабындағы ең нәтижелі кезеңдердің бірі болды. Ол барлық турнирде 51 матч өткізіп, 61 гол соқты және 7 нәтижелі пас беріп, әлем футболындағы ең үздік шабуылшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport