Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн мюнхендік "Бавариямен" келісімшартты ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кейн "Баварияда" қалғысы келедіБұған дейін 33 жастағы шабуылшының неміс алпауытының басшылығымен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзарту мәселесін талқылап жатқаны хабарланған еді.
Кейннің статистикасы мен жетістіктері"Келісімшартым бойынша бір жыл ғана қалды, сондықтан қазір бұл мәселені талқылайтын кез келді. Бұл туралы келесі аптада немесе одан кейінгі аптада сөйлесеміз. Екі тарап та бұл мәселеге қатысты алаңдап отырған жоқ", - деп береді Кейннің сөзін Bayern & Germany.
Кейн "Бавария" сапында 2023 жылдың тамызынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Бундеслига чемпионы атанып, Германия Суперкубогын жеңіп алды. Жалпы, шабуылшы мюнхендік клуб үшін барлық турнирде 147 матч өткізіп, 146 гол соққан және 33 нәтижелі пас берген.
2026 жылғы әлем чемпионатында Кейн жеті матчта алты гол соғып, Англия құрамасының қола жүлдеге ие болуына үлес қосты. Ол - Англия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген, ұлттық команда сапында 85 гол соққан.