Футбол
Бүгін 10:59
 

Харри Кейн "Бавариияға" қатысты шешімін жария етті

  Пікірлер

blog.share

Харри Кейн "Бавариияға" қатысты шешімін жария етті ©instagram.com/england/

Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн мюнхендік "Бавариямен" келісімшартты ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн мюнхендік "Бавариямен" келісімшартты ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейн "Баварияда" қалғысы келеді

Бұған дейін 33 жастағы шабуылшының неміс алпауытының басшылығымен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзарту мәселесін талқылап жатқаны хабарланған еді.

"Келісімшартым бойынша бір жыл ғана қалды, сондықтан қазір бұл мәселені талқылайтын кез келді. Бұл туралы келесі аптада немесе одан кейінгі аптада сөйлесеміз. Екі тарап та бұл мәселеге қатысты алаңдап отырған жоқ", - деп береді Кейннің сөзін Bayern & Germany.

Кейннің статистикасы мен жетістіктері

Кейн "Бавария" сапында 2023 жылдың тамызынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Бундеслига чемпионы атанып, Германия Суперкубогын жеңіп алды. Жалпы, шабуылшы мюнхендік клуб үшін барлық турнирде 147 матч өткізіп, 146 гол соққан және 33 нәтижелі пас берген.

2026 жылғы әлем чемпионатында Кейн жеті матчта алты гол соғып, Англия құрамасының қола жүлдеге ие болуына үлес қосты. Ол - Англия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген, ұлттық команда сапында 85 гол соққан.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!