«Барселона» командасының бас бапкері Ханси Флик команда капитаны Марк-Андре тер Штегенмен қоштасуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Флик тер Штегенге енді сенім артпайды
Don Balon басылымының мәліметінше, неміс маманы нақты және үзілді-кесілді мәлімдеген — тер Штеген енді «Барселона» сапында алаңға шықпайды. Қақпашы жарақатынан айығып, жаттығуға оралғанына қарамастан, Флик оны негізгі құрамға қосуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл шешім клуб басшылығына да жеткізілген.
Жаттықтырушы мен капитан арасындағы келіспеушілік
Неміс маман мен қақпашының қарым-қатынасы, бір елден шыққанымен, айтарлықтай нашарлаған. Флик жазда-ақ тер Штегенге сенім артпайтынын аңғартқан болатын. Ал капитан өзіне деген сенімнің жоғалғанын түсініп, басқа клубтардан ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін білдірген.
Тер Штегенді сату тапсырылды
Флик спорт директоры Декуге нақты тапсырма берді — қақпашыны сату. Бұл шешім команда ішіндегі шиеленісті болдырмауға және клубтың қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған. «Барселона» басшылығы да бапкердің бұл шешімін қолдап отыр, өйткені тер Штегенді сату жалақы қорын азайтып, клубқа қосымша табыс әкелмек.
Жарнама