Футбол
16 қазан 22:34
 

"Хан-Тәңірі" командасының 19 жастағы шабуылшысы қайтыс болды

  Пікірлер

blog.share

"Хан-Тәңірі" командасының 19 жастағы шабуылшысы қайтыс болды ©

19 жастағы "Хан-Тәңірі" командасының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті. Ол бүгін ғана Бірінші лигада "Екібастұзға" қарсы матчқа қатысқан болатын.

blog.share

19 жастағы "Хан-Тәңірі" командасының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті. Ол бүгін ғана Бірінші лигада "Екібастұзға" қарсы матчқа қатысқан болатын.

Диас Төлеудің қазасы туралы ақпаратты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратты.

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған қаралы хабарламада.

Футболшы 62-минутта алаңда медициналық көмек сұраған. Кейіннен дәрігерлер Диасты көтеріп алып кеткен. 

Диас Төлеу сол жақ жартылай қорғаушы позициясында ойнаған, "Қайрат" футбол мектебінің түлегі еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!