Хамитжанов футбол федерациясына оралды

30 қыркүйек 2022 08:54
©ҚФФ

Саян Хамитжанов Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінінің құрамына кірді, деп хабарлайды "Астана" ФК. 

Астанада өткен Қазақстанның кәсіпқой футбол клубтары жиналысында жаңа қатысушыларды қатарға қосу бойынша дауыс беру өтті. Үміткерлер ретінде Рохус Шох, Николай Панин пен Саян Хамитжановтың аттары аталды. 

Оның қорытындысы бойынша бір ауыздан шыққан шешіммен "Астана" бас директорының кеңесшісі Саят Хамитжанов ҚФФ атқарушы комитеті құрамына кірді. 

Еске салайық, Хамитжанов бір кездері ҚФФ бас хатшысы болған. 2018 жылы ол қазақстандық футболдың ең мықты менеджері атанды. Сол жылы "Астанадан" кеткен ол қыркүйек айында клубқа қайтып оралды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport