Халықаралық федерация рейтингі. "Астана" он жылдықтың ең мықты клубтары тізімінде

Сурет: "Астана" ФК

Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS)  онжылдықтың ең үздік клубтарының рейтингін жариялады. Бұл тізімге "Астана" да кірген,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, рейтингте бірінші "Барселона" (Испания). Екінші тағы бір испаниялық клуб - мадридтік "Реал". Үшінші германиялық "Бавария" болды. 

Рейтингтегі ең мықты ресейлік клуб "Зенит". Петерборлық клуб 42-ші орында тұр. Сонымен бірге, онда "Краснодар" мен ЦСКА бар. 

Бұл тізімге Қазақстаннан да бір клуб енді - "Астана" соңғы, 139-шы орынды "Мальме" (Швеция) командасымен бөлісіп тұр.

Айта кетейік, рейтингті құрғанда клубтардың 2011 жылдың қаңтары мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығындағы ресми жарыстардағы көрсеткіші есепке алынды.