Халықаралық деңгей. Жылдың басты сұрмергені анықталды

©yandex.kz

ПСЖ клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы халықаралық матчтердегі сұрмергендердің рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтингіде клуб пен ұлттық құрамаға соққан голдар есептелді.

Мессидің есебінде 22 гол, оның төртеуі клуб сапында, ал он сегізі ұлттық құрама үшін. Үздік үштікке франциялық Килиан Мбаппе 21 (9+12) және аргентиналық Жулиан Альварес 15 (8+7) кірді.

Ең көп гол салған 10 ойыншы:
1. Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина)
2. Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция)
3. Джулиан Альварес ("Манчестер Сити", Аргентина).
4. Эрлинг Холанд ("Боруссия Дортмунд", "Манчестер Сити", Норвегия).
5. Садио Мане ("Ливерпуль", "Бавария", Сенегал)
6. Роберт Левандовски (Бавария, Барселона, Польша).
7. Педро (Фламенго, Бразилия).
8. Эльдор Шомуродов (Рома, Өзбекстан).
9. Ришарлисон ("Эвертон", "Тоттенхэм", Бразилия).
10. Мохамед Салах ("Ливерпуль", Мысыр).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар