Мадридтік "Реалдың" бас бапкер Хаби Алонсо команданың шабулшысы Винисиус Жуниордың маңыздылығы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бапкер бразилиялық вингердің қиын кезеңдерге қарамастан, әлі де "Реал" жобасының негізгі тұлғаларының бірі болып қалатынын жеткізді.
"Маусым әлі өз қарқынында және Вини маңызды рөл ойнайды. Ол бізге қажет.
Ол ойыннан рахат алады, алаңда айырмашылықты көрсетеді, ал осындай сәттерде біз бір болуымыз керек", - деді Алонсо Sport.es басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін БАҚ-та "Челси" клубының Винисиусқа жоғары тұрақты айлық, жеке және командалық мақсаттарға жету үшін бонустары бар ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынуға дайын екені, сонымен қатар, "Реалға" трансфер үшін 150 миллион еуро беоуге дайын екені хабарланған.
Бразилиялық ойыншы "Реал" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол барлық турнирлерде 25 матчте бес гол салды және сегіз нәтижелі пас берді.