Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо жұмысы кадрлық қатаң шешімдерден бастады. Испаниялық маман бірден төрт футболшыны құрамнан шеттетіп, оларды Ла Лиганың алғашқы турларында алаңға шығу мүмкіндігінен айырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қандай ойыншылар шеттетілді?
Don Balon мәліметінше, шеттетілген ойыншылар - Давид Алаба, Рауль Асенсио, Фран Гарсия және Андрей Лунин. Маусым басынан бері бұл футболшылардың ешқайсысы алаңға шыққан жоқ және олар жаңа бапкердің жоспарларына кірмейтін сияқты.
"Реалдағы" бәсеке күшейді
Алонсоның бұл шешімінің басты себебі - позициялардағы жоғары бәсеке. Қорғаныста бапкер Дин Хёйсен, Эдер Милитао және Антонио Рюдигер секілді ойыншыларға сенім артады. Ал сол қапталда жаңадан келген Альваро Каррерас негізгі орынға ие болып, Фран Гарсия құрамнан тыс қалды.
Лунинге тағы да сенім артылмады
Украиналық қақпашы Андрей Луниннің клубтағы болашағы бұған дейін-ақ күмән тудырған. Басқа клубтардан қызығушылық болғанына қарамастан, ол "Реалда" қалды. Аалйда Тибо Куртуа бірінші нөмірлі қақпашы ретінде қала бермек, ал Лунин тек Испания Кубогінде ғана ойнауы мүмкін.
Хаби Алонсо бұл шешімі арқылы бір жайтты айқын көрсетті: "Реалда" жаңа бапкердің талаптарына сай келмейтін, сенімге ие бола алмаған футболшыларға орын жоқ.
Жарнама