"Реал" клубтар арасындағы Әлем чемпионатының екінші турында Мексиканың "Пачука" командасын ұтып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойында испандық клуб 10 ойыншымен-ақ жеңіске жетті. Себебі 7-минутта-ақ Рауль Асенсио қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Матчта мадридтік клуб сапынан Джуд Беллингем, Арда Гүлер және Федерико Вальверде гол соқты. "Пачуканың" бір голын 80-минутта Элиас Монтиаль өз еншісіне жазды.
Жуырда ғана мадридтік клубқа бас бапкер болып келген Хаби Алонсо командасымен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
"Реал" 4 ұпаймен топта көш бастады. Келесі ойынын 27 маусым күні "Зальцбургке қарсы өткізеді.