Футбол
23 маусым 05:53
 

Хаби Алонсо "Реалмен" алғашқы жеңісіне қол жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Хаби Алонсо "Реалмен" алғашқы жеңісіне қол жеткізді ©

"Реал" клубтар арасындағы Әлем чемпионатының екінші турында Мексиканың "Пачука" командасын ұтып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

blog.share

"Реал" клубтар арасындағы Әлем чемпионатының екінші турында Мексиканың "Пачука" командасын ұтып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Ойында испандық клуб 10 ойыншымен-ақ жеңіске жетті. Себебі 7-минутта-ақ Рауль Асенсио қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Матчта мадридтік клуб сапынан Джуд Беллингем, Арда Гүлер және Федерико Вальверде гол соқты. "Пачуканың" бір голын 80-минутта Элиас Монтиаль өз еншісіне жазды. 

Жуырда ғана мадридтік клубқа бас бапкер болып келген Хаби Алонсо командасымен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

"Реал" 4 ұпаймен топта көш бастады. Келесі ойынын 27 маусым күні "Зальцбургке қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!