Мадридтік "Реал" клубының бас бапкері Хаби Алонсо футболдан Испания Суперкубогының финалында "Барселонадан" ұтылған матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші таймның соңғы сәттері туралы"Қалай болғанда да, бұл өте ауыр. Матч тең деңгейде өтті, тартысты әрі қызықты болды. Соңғы екі айқын мүмкіндікте есепті теңестіруге өте жақын болғанымыз сезілді, бірақ, ақыры “Барселонаны” құттықтаймыз", – деп келтіреді оның сөзін Marca.
"Соңғы 15 минутта көп нәрсе болды. Біз допсыз ойында жақсы бақылау орнаттық, екі айқын мүмкіндігіміз болды. Алғашқы голды жіберіп алдық, бірақ, команда берілмей, үзіліске 2:2 есебімен кетті. Екінші тайм да тартысты әрі тең өтті, жіберген голымызда сәттілік біз жақта болмады. Біз есепті теңестіруге тырыстық, алайда, оны жүзеге асыра алмадық".
Айта кетейік, "Барселона" Испания Суперкубогындағы чемпиондық атағын қорғап, бұл трофейді 16-рет жеңіп алды. Ал "Реал" бұл турнирде 13 рет топ жарған.