"Англияның "Ливерпуль" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц карьерасын АПЛ-дің басқа клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Football Insider мәліметінше, 23 жастағы германиялық футболшының келесі клубы Лондонның "Челсиі" болуы ықтимал. "Көктердің" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо Вирцпен қайта қауышуға мүдделі. Испаниялық маман бұған дейін футболшыны Леверкузеннің "Байер" клубында жаттықтырған.
Соған қарамастан, "Ливерпуль" өз ойыншысын жіберуге асығар емес. "Қызылдар" Вирцті тек өте ірі сомаға сатуға дайын, себебі клуб оны 125 миллион еуроға сатып алған болатын.
Флориан Вирц "Ливерпуль" сапына 2025 жылы қосылды. Осы уақыт аралығында жартылай қорғаушы мерсисайдтық клуб үшін 47 матч өткізіп, жеті гол соғып, он нәтижелі пас берді. Футболшының "Ливерпульмен" келісімшарты 2030 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.
Transfermarkt порталы Вирцтің нарықтағы бағасын 110 миллион еуро деп бағалап отыр.