Танымал маман Хаби Алонсо жуық арада "Ливерпуль" командасының бас жаттықтырушысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келіссөздердің шешуші кезеңі Мадрид қаласында өткен. El Nacional жазуынша, тараптар небәрі бір сағатқа жуық ішінде-ақ нақты келісімге келіп үлгерген. Енді тек соңғы келісімдерді пысықтап, ресми хабарлау уақыты анықталуы керек.
Англиялық клуб қазіргі бапкері Арне Слотпен қоштасу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Командаға жаңа серпін беретін, тұрақтылық орната алатын тұлға қажет, ал бұл тұрғыда Алонсоның кандидатурасы өте қолайлы деп бағалануда.
Хаби Алонсо – қатарластары арасында ең табысты футболшылардың бірі. Ол 2010 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, сондай-ақ 2008-2012 жылғы Еуропа чемпионатында топ жарған. Клубтық деңгейде де Чемпиондар лигасын екі мәрте жеңіп алған.
Бапкер ретінде де ол өзін дәлелдей алды: "Байер "клубымен тарихи нәтижеге қол жеткізіп, 2023/24 жылғы маусымда Бундеслига чемпионы атанып, Германия кубогын да иеленді.
Жарнама