"Ливерпуль" клубында бапкерлік құрамдағы ықтимал өзгерістерге нақты дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Indykaila инсайдерінің мәліметінше, мерсисайдтық клубтың өкілдері Хаби Алонсоға қатысты жабық кездесуді өткізген. Келіссөз қаңтардың соңында Испанияда өтті және құпия форматта ұйымдастырылды.
Алонсо "Ливерпульді" басқара алады
Дереккөз мәліметінше, тараптар команданың даму стратегиясын, Алонсоның бапкерлік көзқарасын және алдағы трансферлік терезелерге жоспарларын талқылады. Испаниялық маман 2026 жылдың жазында "Ливерпульды" басқаруға дайын екендігін білдірген.
Осы келіссөздер аясында Арне Слоттың клуб ішіндегі позициясы барған сайын әлсіреп бара жатқандай көрінеді. "Ливерпуль" басшылығы нидерландиялық маман келесі маусымда да қызметін сақтап қалатынына күмәнмен қарайды, ал команда лидерлерінің бір бөлігі өз алаңдаушылықтарын топ-менеджментке жеткізген.
"Ливерпульде" екінші жоспар бар
Сол уақытта клуб өзге сценарийді де қарастыруда. Егер команда нәтижесі жақсармай, Слот мерзімінен бұрын қызметінен кететін болса, уақытша бас бапкер ретінде Стивен Джеррард тағайындалуы мүмкін.
Дереккөз мәліметі бойынша, Джеррардпен алдын ала келісім жасалып, ол қысқа мерзімге - жазға дейін команданы басқаруға дайын.
Айта кетейік, Алонсо "Ливерпуль" түстерін 2004-2009 жылдары қорғаған. Өткен жылдың жазында испан маман Мадридтің "Реалын" басқарған, бірақ тараптар арасындағы ынтымақтастық 2025 жылдың 12 қаңтарында тоқтатылды.
Жарнама