Лондондық "Челси" клубының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо қазіргі құрамдағы сенім арта алатын бес ойыншыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz Marca басылымына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, испаниялық маман қорғаушылар Рис Джеймс, Марк Кукурелья және Тосин Адарабиойоны командада сақтап қалмақ. Сонымен қатар, жартылай қорғаушылар Мойзес Кайседо мен Энцо Фернандеске де үлкен үміт артады.
Хаби Алонсонің пікірінше, дәл осы футболшылар алдағы маусымда команданың негізгі көшбасшыларына айналып, командаластарына үлгі болуы тиіс.
"Челси" клубы Хаби Алонсонің тағайындалғанын 17 мамыр күні ресми түрде жариялаған болатын.
Испаниялық маман жаңа қызметіне 2026 жылдың 1 шілдесінде кіріседі. Онымен төрт жылдық келісімшарт жасалған.
Бұған дейін Хаби Алонсо мадридтік "Реал" клубын басқарды. Ол бұл қызметте 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.
Сондай-ақ, маман германиялық "Байер" клубында табысты еңбек етіп, командамен бірге Бундеслиганы (2023/24), Германия кубогын (2023/24) және Германия Суперкубогын (2024) жеңіп алған.