Лондондық "Челси" клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты алдын ала жоспарын айқындады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алонсо Сәтпаевқа мүмкіндік бередіJeunesfooteux мәліметінше, жас қазақстандық футболшыға "Челси" сапында өзін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Сәтпаев лондондық клубқа 12 тамыздан кейін ғана қосылады. Дәл осы күні ол 18 жасқа толады.
Дереккөздің хабарлауынша, "Челсидің" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо тамыз айындағы маусымалды оқу-жаттығу жиындары кезінде шабуылшының ойын деңгейін жан-жақты бағалау үшін оған бірнеше апта уақыт береді.
Сәтпаев жалға берілуі мүмкінЖазғы трансферлік терезе жабылар қарсаңында Дастан Сәтпаевтың келесі маусымды "Челсиде" өткізетіні немесе Францияның "Страсбур" клубына жалға жіберілетіні белгілі болады.
1-лигада өнер көрсететін "Страсбур" жазғы трансфер кезеңінде екі шабуылшыны қатарға қосуды көздеп отыр. Франциялық клуб қазақстандық футболшының еуропалық футбол талаптарына қаншалықты сай келетінін тексеруді жоспарлап отыр.
Бұл нұсқа шынымен қарастырылып жатыр, алайда Сәтпаевтың болашағына қатысты түпкілікті шешім шілде айының соңына дейін қабылданбайды.
"Қайраттан" "Челсиге" дейінЕске салайық, "Челси" Дастан Сәтпаевты 2025 жылдың ақпан айында алматылық "Қайраттан" 4 миллион еуроға сатып алған болатын. Алайда келісімшарт футболшы 18 жасқа толғаннан кейін, яғни биылғы тамызда күшіне енеді.
Өткен маусымда Сәтпаев "Қайрат" сапында барлық турнирде 27 матч өткізіп, 9 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ол 8 ойын өткізіп, бір мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеген.