Футбол
Бүгін 10:18

Хаби Алонсо "Барселона" ойыншыларын "Челсиге" алғызбай тастады

©"Челси" ФК

Лондондық "Челсидің" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо трансферлік басымдықтарын айқындаған ұқсайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

El Nacional мәліметінше, испаниялық маман "Барселонаның" екі футболшысы – Алехандро Бальде мен Рональд Араухоны сатып алудан бас тартқан.

Бұған дейін екі ойыншы да лондондық клубтың қызығушылық танытқан футболшылары қатарында болған. Алайда Алонсо енді оларды команданы күшейте алады деп санамайды.

Дереккөздің хабарлауынша, бас бапкер Бальде де, Араухо да "Челсидің" қазіргі қорғаныс шебінің деңгейін айтарлықтай көтере алмайды деген ойда. Сондықтан ол клуб басшылығынан бұл бағыттағы жұмысты тоқтатуды сұраған.

Сонымен қатар, "Барселона" екі қорғаушы бойынша түсетін ұсыныстарды қарастыруға дайын болған. Себебі қазіргі таңда олар Ханс-Дитер Фликтің негізгі құрамындағы мызғымас ойыншылар қатарына кірмейді. Дегенмен "Челсидің" қызығушылығы толық жоғалған көрінеді.

Алехандро Бальде – "Барселона" мен Испания құрамасының сол қаптал қорғаушысы. Ол каталониялық клуб сапында үш мәрте Испания чемпионы атанған.

Ал Рональд Араухо – "Барселона" мен Уругвай құрамасының орталық қорғаушысы. Ол каталониялық клубпен бірге Испания чемпионатын, Испания кубогын және Испания суперкубогын жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport