Футбол
Бүгін 15:06

Хаби Алонсо артық деп санайтын ойыншыларды "Челсиден" қуа бастады

©"Челси" ФК

"Челсидің" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо 2026/27 жылғы маусым қарсаңында құрамға қатысты күрделі таңдау жасағалы тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Челсиде" орталық қорғаушылар тым көп

Sky Sports мәліметінше, испаниялық маман команда құрамында төрт-бес орталық қорғаушының болғанын қалайды. Алайда Лондон клубы "Кристал Пэластан" франциялық Максанс Лакруаны сатып алғаннан кейін орталық қорғаушылар саны онға жеткен.

Хаби Алонсо негізінен үш орталық қорғаушымен ойнайтын тактиканы ұстанады. Ол қажетіне қарай 3-4-3 және 4-2-3-1 схемалары арасында ауысып отырады. Дәл осы тәсіл оған Леверкузеннің "Байерінде" табысқа жетуге мүмкіндік берген.

Испаниялық маманның жетекшілігімен өткен алғашқы матчта "Челси" Австралияның "Вестерн Сидней" клубын 6:4 есебімен жеңді. Соған қарамастан, бұл кездесу лондондықтардың қорғаныс шебінде әлі де көптеген кемшілік бар екенін көрсетті.

Енді Алонсо командадан кететін қорғаушыларды анықтауы тиіс.

Қазіргі таңда "Челсидің" орталық қорғаушылары:

Джош Ачимпонг;
Аарон Ансельмино;
Бенуа Бадиашиль;
Трево Чалоба;
Леви Колвилл;
Аксель Дисаси;
Уэсли Фофана;
Максанс Лакруа;
Мамаду Сарр;
Тосин.

Дереккөздің мәліметінше, командадан кетуі мүмкін негізгі үміткерлер – Бенуа Бадиашиль, Трево Чалоба және Аксель Дисаси.


Айта кетейік, "Челси" Хаби Алонсоны бас бапкер қызметіне мамыр айында тағайындап, онымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Ал 44 жастағы испаниялық маман осы жылдың қаңтарында мадридтік "Реалдағы" қызметінен босатылған еді.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport