Футбол
Бүгін 14:22

Гвардиоланың "Манчестер Ситиден" кететіні белгілі болды

©Бапкердің әлеуметтік желісінен

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола жақын арада қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

АПЛ-дегі «Манчестер Юнайтедтен» 0:2 есебімен жеңіліс күрделі әңгімелерге түрткі болды. Бұл Гвардиола командасының биылғы Англия чемпионатындағы бесінші жеңілісі, әрі «Сити» 2026 жылы әлі бірде-бір матчта жеңіске жеткен жоқ.

Осы жағдай аясында сын тек ойынға емес, тікелей бас бапкердің өзіне де бағыттала бастады.

Ричард Киздің даулы мәлімдемесі

Sky Sports-тың бұрынғы жүргізушісі, қазіргі beIN Sports сарапшысы Ричард Киз Гвардиоланың тағдырына қатысты даулы пікір білдірді. Оның айтуынша, испаниялық маман клубтан алдағы күндері-ақ кетуі мүмкін.

Киздің сөзінше, Гвардиоланың маусым соңында кететіні іс жүзінде алдын ала шешілген, алайда, жедел түрде қоштасу нұсқасын да жоққа шығаруға болмайды.

Сарапшы эфирден кейін Гвардиоланы жақыннан танитын адамдардан хабарламалар алғанын айтып, бұл мәліметті «тексерілген ақпарат» деді. Оның пікірінше, бапкердің отставкасы жайлы әңгімелерді жай ғана қауесет деуге келмейді.

Дербиден кейінгі мінез-құлық алаңдатарлық

Ричард Киз дербиден кейін Гвардиоланың өзін ұстауына ерекше назар аударды. Оның пікірінше, бапкердің өзін ұстауы бұрын-соңды болмағандай алаңдатарлық көрінген.

"Матч соңындағы оның күйі мені таңғалдырды. Ешқандай эмоция жоқ, дау жоқ, камераға реакция жоқ. Тек «Сити» жанкүйерлерінің трибунасына үнсіз қарап тұрды. Бұл - оған мүлде тән емес", - деді сарапшы.

Гвардиола «Манчестер Ситиді» қалай өзгертті?

Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситиді» 2016 жылы басқарды. Оның жетекшілігімен «қалалықтар»:

6 рет Англия чемпионы,
4 рет Лига кубогының,
3 рет Англия Суперкубогының,
2 рет Англия Кубогының иегері атанды,
сондай-ақ Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын бір реттен жеңіп алды.

Бұған дейін ол мюнхендік «Бавариямен»:

3 рет Бундеслига чемпионы,
2 рет Германия Кубогының иегері атанды,
сондай-ақ УЕФА Суперкубогы мен клубтық әлем чемпионатын жеңіп алған.

Ал каталониялық «Барселонамен»:

3 рет Испания чемпионы,
3 рет Испания Суперкубогын,
2 рет Испания Кубогын,
2 рет Чемпиондар лигасын,
2 рет УЕФА Суперкубогын және
2 рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport