Футбол
12 қыркүйек 15:46

Гвардиоламен керісіп қалған Холанд "МанСитиден" кеткелі жатыр

Эрлинг Холанд. Фото: x.com/nff_landslag

Эрлинг Холанд пен Хосеп Гвардиола арасындағы қарым-қатынас ушығып барады – олардың байланысы бұрынғыдай емес. Енді "Манчестер Сити" шабуылшысы карьерасындағы жаңа кезең туралы ойға кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Холанд "Ситиден" кетуге дайын: оны жаңа клубта күтіп отыр

Don Balon деректеріне сәйкес, норвегиялық шабуылшының агенті Раффаэлла Пимьента "Барселона" президенті Жоан Лапортаға Холандтың Англиядан кетуге дайын екенін хабарлаған.

Каталониялық клуб үшін бұл бірнеше жылдан бері күтіп жүрген мүмкіндік. Бұл жазда "Барселона" Роберт Левандовскимен қоштасуды жоспарлап отыр, ал Холандты шақыру - клубтың басты мақсатына айналмақ. Айта кетейік, шабуылшы "Сити" клубына ауысардан бұрын Каталонияда ойнауды армандаған, енді сол арманын орындау мүмкіндігі туды.

Трансферге не кедергі?

Егер Англияда жағдай өзгермесе, Холанд "қалалықтардың" басшылығына қысым жасап, ауысу процесін жеделдетуге ниетті. Ал Лапорта үшін бұл көптен бері орындалмай келе жатқан арман мен алда команданың шабуыл шебін норвегиялық сұрмергеннің төңірегінде құруға мүмкіндік.

Дегенмен, трансферге басты кедергі - "Барселонаның" қаржылық тұрақсыздығы. Егер клуб экономикасын реттей алса, келесі жазда Холандтың трансферіне байланысты келіссөздерге нақты түрде кірісуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport