Англияның "Манчестер Сити" футбол клубы жартылай қорғаушы Дивайн Мукасамен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
18 жастағы футболшының "қалалықтармен" жаңа келісімі 2030 жылдың жазынa дейін есептелген.
Мукаса "Манчестер Сити" академиясына 2023 жылы қосылып, қысқа уақыт ішінде клубтың ең болашағынан зор үміт күттіретін түлектерінің бірі ретінде танылды. Жартылай қорғаушы алдымен "қалалықтардың" 18 жасқа дейінгі құрамында және қосалқы командасында сәтті өнер көрсетіп, кейін Хосеп Гвардиоланың жетекшілігімен негізгі команда сапында дебют жасау мүмкіндігіне ие болды.
Өткен маусымда жартылай қорғаушы "Манчестер Ситидің" негізгі құрамында 6 матч өткізді. Маусымның екінші бөлігін ол жалға алу шартымен "Лестер" клубында өткізіп, Чемпионшиптегі 15 кездесуде 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Мукасаның қазіргі нарықтық құны бес миллион еуроға бағаланады.