"Манчестер Сити" бас бапкері Пеп Гвардиола Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусановтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Гвардиоланың мәлім еткендей, соңғы жеті матчқа қатыса алмаған Хусанов Лига кубогында "Суонсиға" қарсы өтетін сәрсенбідегі ойынға қатысуға дайын.
Ағымдағы маусымда өзбекстандық қорғаушы "Ситидің" сапында 5 ойын өткізіп, бір рет ескерту алған.
"Хусанов бірнеше минут ойнауға дайын. Ол біртіндеп жаттығу үдерісіне оралып жатыр және Чемпионшип өкілімен болатын матчқа қатысады", – деді Гвардиола клубтың баспасөз қызметіне.
Футболшының соңғы ойындарды өткізіп алуына жарақаты себеп болған, алайда бапкер оның қалпына келіп, алдағы кездесулерде командаға көмектесетініне сенімді.
21 жастағы қорғаушы биылғы жылдың басында Францияның "Ланс" клубынан "Манчестер Ситиге" ауысқан болатын. Келісімшарт 2029 жылға дейін есептелген. Transfermarkt дерегінше, трансфер құны 40 миллион еуроға жуық.
Бұған дейін Хусанов Беларусьтің "Энергетик-БГУ" клубында ойнаған және өзбекстандық "Бунёдкор" клубының түлегі.