Гвардиола норвегиялық Холландтың тәрбиесі жайлы айтты

©dynamo.kiev

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола шабуылшы Эрлинг Холланд жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Холландтың жасындағы бірде-бір ойыншы норвегиялықпен бәсекеге түсе алмайды. Оның статистикасына қарап-ақ қандай футболшы екендігін көруге болады. Ол тек футбол алаңда емес, сонымен қоса, жаттығу кезінде және киім ауыстыру бөлмесінде өте қарапайым. Талантымен қоса тәрбиелі отбасыдан шыққандығын айтқым келеді. Оның әкесі де кезінде мықты ойыншы болған", - дейді Гвардиола.

Еске салайық, 22 жастағы Норвегия құрамасының шабуылшысы 2022 жылдың шілде айында "Манчестер Сити" ойыншысы атанды. Биылғы маусымда Эрлинг "қалалықтар" сапында 11 матчта 17 гол салды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport