Футбол
Бүгін 11:03
 

Гвардиола Мессидей футболшы енді болмайтынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Гвардиола Мессидей футболшы енді болмайтынын айтты ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

"Барселона", "Бавария" және "Манчестер Сити" клубтарының бұрынғы бапкері Хосеп Гвардиола жаңа буын футболшыларының "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Мессидің деңгейіне жақындай алу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Барселона", "Бавария" және "Манчестер Сити" клубтарының бұрынғы бапкері Хосеп Гвардиола жаңа буын футболшыларының "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Мессидің деңгейіне жақындай алу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Испаниялық маман аргентиналық футболшының жетістіктерін қайталап, осынша жыл бойы жоғары деңгейде өнер көрсете алатын ойыншының жуырда пайда бола қоятынына сенбейді.

"Ешкім. Жақсы футболшылар көп, бірақ әзірге біреудің осындай деңгейге жетіп, үш күн сайын тұрақты түрде жоғары деңгейде 15-20 жыл бойы ойнай алады деп елестете алмаймын. Мұндай футболшыны көре аламын деген ой жоқ.

Бір кездері ешкім жаңарта алмайды делінген рекордтар болған, бірақ уақыт өте келе олардан асып түсіп отырды. Бәлкім, бір күні Усэйн Болттың жетістіктерінен де асып түсетін шығар. Алайда біреудің осынша ұзақ уақыт бойы осындай деңгейде ойнай алатынын елестету мен үшін өте қиын", - деп келтіреді Гвардиоланың сөзін ESPN.

Айта кетейік, Гвардиола мен Месси 2008-2012 жылдар аралығында "Барселонада" бірге жұмыс істеді. Осы кезеңде аргентиналық футболшы қатарынан төрт рет "Алтын доп" иегері атанса, каталондық клуб екі рет Чемпиондар лигасында жеңіп, Испанияның үш дүркін чемпионы болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!