Гвардиола "Манчестер Ситимен" келісімшартын қай жылға дейін ұзартатыны белгілі

©Манчестер Сити

"Манчестер Сити" басшығылы Хосеп Гвардиоламен келісімшартын ұзартуға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

51 жастағы испаниялық бапкер ағылшын клубында 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол осы уақыт аралығында "Манчестер Сити" командасымен бірге Тұманды Альбиондағы жарыстарда 11 рет титул иеленген және Чемпиондар лигасының финалына бір рет шыққан.

"Манчестер Сити" басшылығы Гвардиоламен 2025 жылға дейін келісімшартын ұзартуға дайын. Бұл ұсыныс бірнеше ай бұрын жасалған. Қазіргі таңда екі тарап келісімге келген. Жаңа келісім бойынша Гвардиола команданың трансферіне және стратегиясына жауап береді", - деп жазды Романо твиттер парақшасында.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар