Футбол
Кеше 14:23

Гвардиола "Манчестер Ситиден" кететін болып шешті

©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Испаниялық маман Хосеп Гвардиола "Манчестер Сити" клубының бас бапкері қызметінен кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Daily Mail мәліметінше, 55 жастағы бапкер Англия премьер-лигасының 38-турындағы "Астон Вилла" командасына қарсы матчтан кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Кездесу 24 мамыр күні өтеді.

Ақпаратқа сәйкес, "Манчестер Сити" клубы демеушілеріне бапкермен жақын арада қоштасатынын хабарлаған. Ал ресми мәлімдеме маусымның аяқталуына арналған автобус шеруі кезінде жарияланады.

Сондай-ақ, Гвардиола клубтағы келісімшартында қалған бір жылды басқа қызметте өткізуі мүмкін екені айтылды.

Гвардиоланың орнына кім келуі мүмкін?

Қазіргі уақытта клуб жаңа бапкерлікке бірнеше үміткерді қарастыруда. Олардың қатарында Энцо Мареска мен Венсан Компани бар.

Мареска бұған дейін Челси клубын жаттықтырса, Компани қазір Бавария тізгінін ұстап отыр.

Қазір Манчестер Сити Англия премьер-лигасының турнирлік кестесінде екінші орында келеді. "Қалалықтар" көш бастап тұрған "Арсенал" клубынан бес ұпайға қалып келеді, бірақ, бір ойыны артық.

Осы маусымда манчестерлік клуб Англия кубогы мен Англия лигасы кубогын жеңіп алды.

Гвардиоланың "Ситидегі" жетістігі

Хосеп Гвардиола "Манчестер Сити" клубын 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда 20 трофей жеңіп алды. Оның ішінде Чемпиондар лигасы, УЕФА суперкубогы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты бар.


Сондай-ақ, клуб алты рет Англия чемпионы атанып, үш мәрте Англия кубогын, үш рет Англия суперкубогын және бес рет Англия лигасы кубогын иеленді.

Бұған дейін испаниялық маман "Барселона" мен "Бавария" клубтарын да жаттықтырған.
 
 
 
 
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport