Гвардиола "Манчестер Ситидегі" болашағына қатысты пікір білдірді

©media.az

Хосеп Гавардиола "Манчестер Ситидегі" болашағына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Англия чемпионатында 7 турдан кейін турнир кестесінде "Манчестер Сити"  "Тоттенхэм" (17 балл) клубымен 2-3 орындарды бөлісіп тұр. 18 балл жинаған "Арсенал" әзірге көш бастап тұр.

"Егер мен "Ситидегі" жұмысымды ары қарай жалғастырсам, жақсы болар еді. Ал кетіп жатсам, клуб менсіз жаман болмайды. Бұл ұжым қазіргі таңда менсіз де мықты командаға айналды. Олар (ред. "Манчестер Сити") бапкер таңдауына қатысты дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын", - дейді Гвардиола.

Хосеп Гвардиоланың "қалалықтармен" келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

Еске салайық, Гвардиола 2016 жылдан бері "Манчестер Сити" клубын жаттықтырып келеді. Осы уақыт аралығында Англия чемпионатын 3 рет, Англия Суперкубогін 2 рет жеңді. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport