Футбол
Кеше 15:24

Гвардиола "Ман Ситидегі" мықты ойыншының трансфер бойынша жасырын келіссөзін біліп қойды

©EPA

Пеп Гвардиола жуырда «Манчестер Сити» ойыншыларының бірінің маусым соңында клубтан кету жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын біліп алды. Бас бапкер бұл ақпаратты барынша құпия сақтауға тырысқанымен, италиялық баспасөзге тараған мәліметтен кейін жаңалық барша жұртшылыққа белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

El Nacional басылымы La Gazzetta dello Sport пен Eurosport дереккөздеріне сілтеме жасап, футболшының клуб ауыстыру бойынша келіссөздер шешуші сатыға жеткенін жазады.

«Барселонаға» трансфер іске аспай қалды

Сөз португалиялық жартылай қорғаушы Бернарду Силва туралы болып отыр. Ол бұған дейін де «Манчестер Ситиден» кетуге өте жақын болған. Футболшы «Барселонаға» ауысу мүмкіндігін байыппен қарастырған, ал каталониялық клуб оны екі жазғы трансфер кезеңінде өз қатарына қосуды көздеген.

Бернарду сол кездегі «Барселонаның» бас бапкері Хави Эрнандестің негізгі трансферлік мақсаты болды. Ал спорттық директор Деку бұл трансферді жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеген.

Алайда мәміле ағылшын клубының жоғары қаржылық талаптары мен «Барселонаның» күрделі экономикалық жағдайына байланысты іске аспай қалды. Бұл жағдай бұрын «Монако» мен «Бенфика» сапында ойнаған футболшы үшін ауыр соққы болды. Өйткені Бернарду бұған дейін агентіне Премьер-лигадағы карьерасын аяқтауға дайын екенін білдірген. Айта кетейік, ол Англияда барлық мүмкін трофейлерді жеңіп алған.

Келіссөздің аяқталуына аз қалды

Соған қарамастан, Бернарду Силва әлі де «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп, команданың көшбасшыларының бірі әрі жанкүйерлердің сүйіктісі болып қала беруде. Пеп Гвардиола үшін ол алаңда да, киім ауыстыратын бөлмеде де маңызды тұлға саналады.

Жазда португалиялықтың «Ситиге» 50 миллион еуроға ауысқанына тоғыз жыл толады. Бүгінгі нарықта бұл сома символикалық болып көрінеді. Ал жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты 30 маусымға дейін ғана жарамды және БАҚ дерегінше, ол оны ұзартуды жоспарлап отырған жоқ.

Басты үміткер - «Интер» 

Ойыншының болашағына қатысты белгісіздік салдарынан соңғы кездері Бернарду Силваның есімі А сериясымен жиі байланыстырылуда. «Барселонаға» жол мүлде жабылып, футболшы Ханс-Дитер Фликтің жоспарына кірмегеннен кейін, миландық «Интер» оны өз қатарына қосудың негізгі фавориті ретінде қарастырылып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport