"Манчестер Ситидің" бас бапкері, каталониялық маман Хосеп Гвардиола Англия премьер-лигасының (АПЛ) 29-туры аясында уэст-бриджфордтық "Ноттингем Форестке" қарсы өтетін матчқа негізгі құрамды іріктеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов бұл жолы да кездесуді қосалқы құрамнан бастайды. 20 жастағы футболшы үшін бұл - АПЛ-дегі қатарынан төртінші ойын, онда ол негізгі құрамға енбей отыр. Соңғы рет ол алаңға алғашқы минуттардан 8 ақпанда "Ливерпульге" қарсы өткен жеңісті кездесуде (2:1) шыққан еді.
Маусымның белгілі бір кезеңінде талантты өзбекстандық ойыншы негізгі құрамның маңызды футболшыларының біріне айналып, тұрақты ойыншы ретінде көрінген болатын. Алайда қазір ол қайтадан қосалқы орындыққа оралды.
Сарапшылар Хусановтың қазіргі жағдайын қорғаныс шебінің көшбасшысы Рубен Диаштың жарақаттан кейін қайта сапқа қосылуымен, сондай-ақ қысқы трансфер кезінде Англия құрамасының қорғаушысы Марк Гехидің келуімен байланыстырады. Ол лондондық "Кристал Пэлас" клубынан 23 миллион еуроға ауысып, бірден бапкерлер штабының сеніміне ие болған.
"Манчестер Сити" негізгі құрамы"Ноттингем Форестке" қарсы матчта алаңға алғашқы минуттардан шығатын ойыншылар:
Джанлуиджи Доннарумма,
Матеус Нунес,
Рубен Диаш,
Марк Гехи,
Райан Аит-Нури,
Родри Эрнандес,
Бернарду Силва,
Антуан Семеньо,
Райан Шерки,
Фил Фоден,
Эрлинг Холанд.
Қосалқы құрамда: Джеймс Траффорд, Тиджани Рейндерс, Джон Стоунс, Натан Аке, Омар Мармуш, Жереми Доку, Нико Гонсалес, Савиньо және Абдукодир Хусанов бар.
Айта кетейік, "Манчестер Сити" мен "Ноттингем Форест" арасындағы матч 5 наурызға қараған түні Манчестердегі "Этихад" стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады.